Şarkının sözleri aşağıdadır Адамдар, адамдар , sanatçı - Серікбол Сайлаубек, Kairat Nurtas çeviriyle birlikte
Çevirili orijinal metin
Серікбол Сайлаубек, Kairat Nurtas
Адамдар, адамдар ағың бар қараң бар
Ойланып қараңдар бұл өмір сынақ
Айтса да өкпесін, айтсын тек бетке шын
Жаралап кетпесін жүректі бірақ
Жүректі жерге таптамасын
Кешірілмес кек сақтамасын
Адамның адам ешқашан да
Ала жібінен аттамасын
Бір жылап бірде шаттанасың
Түгелдей көріп аттанасың
Жалған өмірдің ақ қарасын
Дүние дөңгелек
Сонда да дүрбелең
Әр жанға жол керек
Арманға жетер
Жол бірақ тас тақта
Болса да бос мақтау
Орынсыз асқақтау
Адамға бекер
Жүректі жерге таптамасын
Кешірілмес кек сақтамасын
Адамның адам ешқашан да
Ала жібінен аттамасын
Бір жылап бірде шаттанасың
Түгелдей көріп аттанасың
Жалған өмірдің ақ қарасын
Адамдар, адамдар ағың бар қараң бар
Ойланып қараңдар бұл өмір сынақ
Айтса да өкпесін, айтсын тек бетке шын
Жаралап кетпесін жүректі бірақ...
Farklı dillerde şarkılar
Tüm dillere yüksek kaliteli çeviriler
İhtiyacınız olan metinleri saniyeler içinde bulun